Жеңіс Қасымбек ИИДМ ұжымына жаңа министрді таныстырды

730

Сондай-ақ вице-премьер ұжымға бірлесе жемісті жұмыс атқарғаны үшін алғысын білдірді. 

Жеңіс Қасымбек ИИДМ ұжымына жаңа министрді таныстырды

Бүгін ҚР премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ұжымына жаңа министрді таныстырды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды", – деп хабарлады Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ вице-премьер министрліктің ұжымына бірлесе жемісті жұмыс атқарғаны үшін алғысын білдірді. Министрлік ұжымының тұрғын үй, инфрақұрылым және индустриалды даму сияқты үш негізгі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға елеулі үлес қосқанын атап өтті. 

Жеңіс Қасымбек жаңа министр мен министрлік ұжымына ИИДМ алдында тұрған маңызды жаңа міндеттерді атқаруда жетістіктер тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу