Цифрлық технологиялар бүгінде күнделікті өмірімізді жайлы ететін инфрақұрылымның ажырамас бөлігі болып саналады.
Қалалық орта дамуы үшін инновацияның ізімен жүруі керек.
Pitch Day іс-шарасына қатысушылар денсаулық сақтау, білім беру, ТКШ салаларын ары қарай цифрландыруға бағытталған, сол сияқты қауіпсіздік мәселелерін қамтамасыз ететін он IT жобаны таныстырды.
Біз үшін мұндай алаңдар инновациялық идеялар мен ұсыныстар талқыланатын орын ғана емес әрі жобалар қолдау табатын және іске асырылатын орын. Осыған дейін қала бірқатар жобаға, оның ішінде "Қолжетімді аула" бойынша, сондай-ақ білім беру, медицина және т.б. салаларда қолдау көрсеткен болатын.
Ұсынылған жобаларды егжей-тегжейлі зерттейміз. Сондай-ақ Pitch Day қатысушыларымен бірлесіп, қалалық қызметтеріміздің жұмысын жүйелендіруге және оңтайландыруға мүмкіндік беретін жобалар құру бойынша жұмыс істейміз.
Бірегей инновациялық идеялары мен жобалары бар IT-мамандар, біздің профильді басқармамыздың форумдарының қатысушысы бола аласыздар. Біз қолдау көрсетуге және бірлесіп жұмыс істеуге қашанда дайынбыз", - деп жазды Жеңіс Қасымбек.