Жеңіс Қасымбек қалалық жеңіл атлетика федерациясын басқарады

453

Ол 2022 жылдың 8 желтоқсанынан бүгінге дейін Астана қаласы әкімі қызметін атқарды.

Жеңіс Қасымбек қалалық жеңіл атлетика федерациясын басқарады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі, ҚР Жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметовтың Instagram парақшасындағы мәлімет бойынша, конференция мүшелерінің шешімімен Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы федерация президенті болып сайланды.

"Жиын барысында қалымыздағы жеңіл атлетиканы дамыту, сондай-ақ жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру, спортшылардың деңгейін көтеру сияқты маңызды міндеттер талқыланды",-делінген хабарламада.

Басқосуға Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының Президенті Даниал Ахметов және қалалық жеңіл атлетика федерациясының мүшелері қатысқаны айтылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу