Жеңіс Қасымбек кейбір азаматтардың ақылға қонымсыз әрекетінен жалпықалалық мүлікке зиян келіп жатқанын айтты

571

Елорда әкімі қала мүлкіне ұқыппен қарауға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жеңіс Қасымбек кейбір азаматтардың ақылға қонымсыз әрекетінен жалпықалалық мүлікке зиян келіп жатқанын айтты Фото: Facebook: Жеңіс Қасымбек

"Қаламызды жақсарту үшін тұрғындармен күн сайын бірлесе жұмыс істейміз. Абаттандырып, қолайлы ете түсеміз. Дегенмен өкінішке қарай, вандализм мен мәдениетке сай келмейтін әрекеттер бар. Кейбір азаматтардың ақылға қонымсыз әрекетінен жалпықалалық мүлікке зиян келеді: аялдамаларды, орындықтарды, аулаларды бүлдіреді, қоқыс жәшіктерін төңкеріп тастайды және т.б. Осылайша қаланың өзге де тұрғындары мен қонақтарына сөз тиеді. Вандализм – бұл жеке мәдениет пен тәрбиенің деңгейі. Әрі бұл сыннан кез келген адам өте бермейді. Қалада қандай жұмысты қолға алсақ та, адамдарға ыңғайлы болу үшін орындаймыз. Жалпыға ортақ қала мүлкін бүлдіру арқылы құқық бұзушылар елорданың өзге тұрғындары мен қонақтарына қолайсыздық тудырады. Дәл осы көшеде олардың жақындары мен туыстары жүреді", - деп жазды ол желідегі парақшасында.

Осы жылдың 8 айында ғана елордада қоғамдық тәртіпті бұзудың 10 мыңнан астам жағдайы тіркелген.

"Қаламыз полициямен бірлесіп қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары күн сайын қаланы күзетіп, тәртіп бұзушыларды анықтайды. Қаламызда жыл сайын камералар санын көбейтетін боламыз. Құқық бұзылғаны үшін қашанда жаза бар екенін ұмытпаған жөн. Кез келген құқық бұзушылыққа және қоғамдық айыптауға төзімділік нөлдік деңгейде болуы керек. Елорда тұрғындары мен қонақтарын қаламызға ұқыппен қарауға шақырамын! Бұл қалада жақындарымыз, туыстарымыз және өзіміз өмір сүреміз!", - деп түйіндеді Жеңіс Қасымбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу