Жеңіс Қасымбек ластаушы кәсіпорындарды Астанадан көшіруді ұсынды

680

Жеңіс Қасымбек ластаушы кәсіпорындарды Астанадан көшіруді ұсынды

Астана агломерациясының экологиялық жағдайын жақсарту үшін І-ІІ  санаттағы ластаушы кәсіпорындарды қаладан көшіру қажет. Бұл туралы бүгін үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Миинстрдің сөзіне қарағанда, Астана агломерациясын аумақтық дамыту жоспарына сәйкес "Астана-Бурабай" жасыл дәлізін құру және оны табиғи орман алқаптарымен біріктіріп, бірыңғай экожүйені қамтамасыз ету көзделген. Ал құрылысы жоспарланып отырған "Сарыарқа" газ құбыры есебінен елді мекендерді одан әрі газдандыру Астана мен 30-ға жуық елді мекенді көгілдір отынмен қамтамасыз етуге, сол арқылы экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

"Бұдан басқа, агломерацияның экологиялық жағдайын жақсарту үшін І-ІІ  санаттағы ластаушы кәсіпорындарды Астанадан көшіру ұсынылады. Төтенше жағдайдан қорғану үшін 7 өрт депосын, көктемгі кезеңде судың астында қалуы мүмкін учаскелерде су тасқынына қарсы бөгеттерді, Целиноград ауданының Талапкер ауылында судан құтқару стансасын салу қажет", - деді Жеңіс Қасымбек.

Оның айтуынша, аталған шаралар халықты қорғауды қамтамасыз ете отырып, экономикалық залалдың төмендеуіне ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу