Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек ЛРТ-ның алғашқы пойыздары биылғы қыркүйекте тестілеу режимінде іске қосылатынын айтты, хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"2024 жылдың желтоқсанында Көлік жүйесін дамыту бойынша кешенді бағдарлама бекітілді. Астана қаласындағы көлік трафигінің өсуіне байланысты қоғамдық көлікті дамытуға, жолдардың өткізу қабілетін арттыруға, жаңа көпірлер салуға, автотұрақ алаңдарының жұмысын жетілдіруге, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге қауіпсіз және жайлы жағдай жасауға басты назар аударылды. Қазіргі таңда қала маршруттарына күніне 1600-ден астам автобус шығады. Соңғы 2 жылда қоғамдық көлік паркі 45%-ға жаңартылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр. ЛРТ жобасы соңғы кезеңге жетіп, құрылыс жұмыстары аяқталуда. Осы жылдың қыркүйек айында алғашқы пойыздар келіп, тестілік сынақтар басталады", - деді Жеңіс Қасымбек.