Жеңіс Қасымбек өндірістегі апаттарға байланысты есеп берді

1064

Жеңіс Қасымбек өндірістегі апаттарға байланысты есеп берді

Қазақстанның өндірістік нысандардағы апат көрсеткіші 21 пайызға төмендеді. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

"2016 жылғы апаттардың саны 2008 жылмен салыстырғанда 60%-ға (58-ден 23 аварияға) азайды, апат салдарынан зардап шеккендер саны 4 есеге (102 адамнан 28 адамға) төмендеді. Биыл 10 ай ішінде республиканың қауіпті өндірістік нысандарында 11 апат болды. 2016 жылдың дәл осы кезеңінде 14 апат болған (21% төмен", - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Министрдің айтуынша, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді бағалау жүйесін енгізу арқылы апаттардың санын азайтуға қол жеткізілген.

"Алайда, министрлік жүргізген жұмысқа және қауіпті өндірістік нысандардағы апаттардың төмендеуіне қарамастан, биылғы 10 айдағы 11 апат пен 4 адамның қаза табуы жағымсыз көрсеткіш екенін мойындау керек. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында 6 адам зардап шекті, соның ішінде 3 адам қаза тапты. "Богатырь-Көмір" ЖШС-ның "Богатырь" разрезінің  дренажды шахтасында газ-ауа қоспасы тұтанып, апат салдарынан 3 адам зардап шекті. "Ғимарат" ЖШС-нің мұнай базасында мұнай өнімдері тұтанып, салдарынан 2 адам зардап шекті, 1 адам қаза тапты", - дейді министр.

Барлық апатты оқиғалар бойынша тексеру жүргізіліп, себептері анықталды. Сондай-ақ, апаттардың салдарын жою іс-шаралары әзірленіп, орындалуы бақылауға алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу