Жеңіс Қасымбек өңір халқына үндеу жолдады (Видео)

810

Сәтбаев қаласында бес жасар қызды ұрлау ісі ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке бақылауында.  

Жеңіс Қасымбек өңір халқына үндеу жолдады (Видео)

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек аймақ тұрғындарына арналған бейнеүндеуде мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыс әкімі күдіктінің ұсталғанын, қазір барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын айтты. Қыз ата-анасымен бірге үйінде. Өңір басшысы баланың денсаулығын үздік мамандар қадағалайтынына сендірді.

"Өкінішке қарай, Сәтбаевта оқиға орын алған түні кінәсіз адамдарға зиян келген. Тәртіп бұзғандарды тоқтату үшін жеке құрам оқиға орнына жұмылдырылды. Мен азаматтарымыздың жүрегінде наразылық толы екенін түсінемін және келісемін. Бірақ біз құқықтық мемлекетте өмір сүреміз, сондықтан да эмоциямызды тыйып, болған жағдайды құқықтық алаңда қарауымыз керек", – деді Жеңіс Қасымбек.

Ол сондай-ақ тергеу аяқталғаннан кейін кінәліні қатаң жаза күтіп тұрғанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы 23 шілдеде Сәтбаев полициясына ер адам бес жасар қызының жоғалғанын айтып, арызданған болатын. Қызды іздеу жұмыстарына жергілікті полиция бөлімінің барлық жеке құрамы мен жүзден астам ерікті қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу