Шахтадағы жарылыс бойынша үкіметтік комиссия құрылды – Жеңіс Қасымбек

704

Жарылыс түнгі сағат 3-те болған.

Шахтадағы жарылыс бойынша үкіметтік комиссия құрылды – Жеңіс Қасымбек Фото: inform.kz

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетілетінін айтты.

"Түнгі сағат 3-те "Арселор Миттал Теміртау" АҚ КД Ленин атындағы шахтасында газдренаждық ұңғымаларды бұрғылау кезінде газдың кенеттен таралуы болған. Соның салдарынан шахтаның 5 қызметкері қаза тауып, 4 адам Шахтинск және Х.Мақажанов атындағы ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта Үкіметтік комиссия құрылды", – деді Қасымбек.

Әкім атағандай, олардың отбасыларына, сондай-ақ зардап шеккендердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі.

"Қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын", – деді Ж.Қасымбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу