Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Шұбар шағын ауданының тұрғындарымен кездесті, деп жазады inbusiness.kz.
"Шұбар шағын ауданының тұрғындарымен кездестім. Мұнда 4 мыңға тарта адам тұрады. Кездесу барысында шағын аудан тұрғындары бірқатар түйткілді проблемаларды көтерді. Жүйелі мәселелер: су құбыры, кәріз желілерін салу, газдандыру жүргізу. Сол сияқты шағын ауданды абаттандыру, бағдаршамдар орнату, қолжетімділік аясында әлеуметтік нысандар салу, заңсыз тамақтану орындары және т.б. мәселелер көтерілді. Су құбыры және тұрмыстық кәріз желілері бойынша жобалау жұмысы жүріп жатыр, сараптамадан шыққаннан кейін желілер құрылысы басталады", - деп жазды әкім.
Оның сөзінше, шағын ауданда газдандыру бойынша жобалау жұмысы жүріп жатыр.
"Биыл жеткізуші газ құбырының құрылысы басталады. Ал, кварталішілік желілердің құрылысын келесі жылы бастаймыз, осының арқасында шағын аудан тұрғындары үйлерін көгілдір отынға қоса алады", - деп хабарлады қала басшысы.