Жеңіс Қасымбек Швейцария елшісімен кездесті

629

Жеңіс Қасымбек Швейцария елшісімен кездесті

2018 жылғы 22 мамырда ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасындағы Швейцарияның төтенше және өкілетті елшісі Урс Шмидтпен кездесу өткізді, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық, сонымен қатар Қазақстан және Швейцария арасындағы өзара экономикалық іс-әрекеттерінің перспективаларын талқылады.

Урс Шмидт мырза 2018 жылғы 9-12 шілде аралығында Швейцарияның экономика министрі Й. Шнайдер-Амманның Қазақстанға жоспарлаған іссапарының бағдарламасын, сонымен қатар "Бір жол – Бір белдеу" бағдарламасы шеңберінде бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша Швейцарияның қатысу мүмкіндігіне тоқталды.

ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек екі жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендігін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу