Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елордалықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
"Құрметті елорда тұрғындары!
Баршаңызды 16 желтоқсан – еліміздің Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік – бұл халқымыздың басты құндылығы және ұлы мұрасы. Егемендік алған жылдарда бірлік пен ынтымақтың арқасында еліміз зор жетістіктерге жетті. Мемлекет басшысы атап өткендей, біздің ортақ мақсатымыз – Отанымыз тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін аянбай еңбек ету. Басты міндетіміз – қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту.
Мереке құтты болсын! Әрқайсыңызға, отбасыларыңызға мықты денсаулық, еңбекте табыс, бақ пен береке және жаңа жетістіктер тілеймін!" - делінген әкімнің құттықтауында.