"Құрметті елорда тұрғындары! Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Түнгі уақытта жауған жаңбырдың салдарынан көктайғақ орнады.
Коммуналдық қызметтер түннен бастап жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасын сеуіп жатыр.
Оқыс жағдайға ұшырап, жарақат алмас үшін қарттар мен балалар көшеге шықпағаны жөн. Ал көлік иелері өте мұқият болуы және қашықтықты сақтауы қажет",- деп жазды әкім.
Ол травматологиялық пунктердің жұмысы күшейтілгені туралы жазды.
"Аудан әкімдіктеріне және МИБ/ПИК-ке аулалар мен қоғамдық орындарға инертті материал шашу тапсырылды", – деп жазды Жеңіс Қасымбек.