Жеңіс Қасымбек Ұлытаудағы өрт шыққан ауылға барды

954

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек облыстағы жасздың аптап ыстығына байланысты өрт шыққан өңірлердегі жағдайды біліп қайтты.  

Жеңіс Қасымбек Ұлытаудағы өрт шыққан ауылға барды

Сапар барысында көрген-білгендерімен Facebook желісінде бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Сағат 10:00-де Шеңбер ауылдық округінде болдым. Мұнда дала өртінің тағы бір ошағы тіркелді. Өрт Қостанай облысы жағынан келді. Оқиға орнында өрт сөндірушілер және орман шаруашылығының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Елді мекенге төніп тұрған қауіп жоқ.

Сондай-ақ әуеден Амангелді ауылдық округіндегі жағдаймен таныстым. Мұнда түнде өрт болды. Қазір өрт ошағы толықтай сөндірілді.

Ұлытау ауданы бойынша барлығы 6 өрт ошағы бақылауға алынған. Оның ішінде төрт дала өрті және екі өрт ошағы бар. Сәтбаев қаласы маңындағы өрт ошағы сөндірілді. Ал Борсеңгір ауылының маңындағы өрт ошағын өшіру жұмыстары аяқталу сатысында.

"Қауіпті учаскелерді жою үшін қажетті күштер мен құралдар жеткілікті. Жезқазған және Сәтбаев қалаларынан әкімдіктер 20 тонна көлемінде жем-шөп пен азық-түлік жеткізуді ұйымдастырды",-деп жазды облыс әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу