Жеңіс Қасымбек Үркер елді мекенінің тұрғындарымен кездесті

535

Кездесуде тұрғындар жол, тротуар, әлеуметтік нысандар, аялдамалар салу, абаттандыру, жарықтандыру секілді өзге де мәселелерді көтерді. 

Жеңіс Қасымбек Үркер елді мекенінің тұрғындарымен кездесті Фото: Астана қаласының әкімдігі

"Үркер (Ильинка) елді мекенінің белсенді тұрғындарымен кездестім. Бұл елді мекенде ең алдымен кәріз және электрмен жабдықтау желісінің мәселелері шешілуі қажет. Қазір осы бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Мектеп мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Үркер елді мекенінде екі мектептің құрылысын жүргізіп жатырмыз. Оның бірі – бір ауысымды, 900 орынға арналған, екіншісі – бір ауысымды, 2 мың оқушы орны. Аталған мектептерді қолданысқа беру уақыты – 2024 жыл.

Биыл дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып, пайдалануға беріледі. Көтерілген мәселелерді шешу бойынша орындау кестесін әзірлейміз. Жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіледі", – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу