Жеңіс Қасымбек: Жаңа бағыт өзінің тиімділігін көрсете алмады

911

Жеңіс Қасымбек: Жаңа бағыт өзінің тиімділігін көрсете алмады

Қазақстанда екінші деңгейдегі банктер жаңа жеңілдетілген ипотека беруді бастады. Бірақ бұл сегменттегі жұмыстарға кей банк араласқысы келмейді. Бұл туралы  инвестициялар және даму жөніндегі министр Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Қазіргі уақытта банктер "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша жалпы құны 7,0 млрд теңге болатын 700 өтінішті қабылдап, 6,6 млрд теңге болатын 650 өтінішті мақұлдаған.

"2017 жылы іске қосылған ипотека бойынша жаңа бағыт өзінің тиімділігін көрсете алмады. Бірінші кезекте бұл заңнамаға байланысты болды. Сол себептен кей банктер осы сегменттегі жұмыстарға араласқысы келмейді. Мысалы алты ай өткенде төленбеген ипотекаға банктер өсімпұлды ала алмайды. Егер ипотеканы өтей алмаса, пәтер алушы алдымен негізгі қарызын, содан соң үстемесін төлейді. Сот кепілге қойылған жалғыз үйді ала алмайды. Осыған байланысты заңнамаға өзгерістер енгізілуі мүмкін" — деп түсіндірді ол.

Министрдің сөзінше, қазір екінші деңгейдегі банктер құрылыс компанияларының құны 57,2 млрд теңге болатын 32 жобаны қарап жатыр.

"Жалпы 35,1 млрд теңгені құрайтын 17 жобаға қолдау көрсетілді. Өңірлік үйлестіруші кеңестер және екінші деңгейдегі банктер 12,2 млрд теңге болатын 11 жобаны мақұлдады. 22,9 млрд теңге болатын 6 жобаға шарт жасалды. Қалған 15 жобаны екінші деңгейдегі банктер қарау үстінде",- деді Жеңіс Қасымбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу