Жеңіс күніне арналған шаралар мамыр айында ғана атап өтілмейді – Серік Бурамбаев

1166

Мерекелік іс-шаралар бүкіл ел бойынша 2022 жылдың басынан бері өткізіліп келеді. 

Жеңіс күніне арналған шаралар мамыр айында ғана атап өтілмейді – Серік Бурамбаев Фото: Мария Матвиенко

Қазақстан Қарулы күштерінің 30 жылдығына және Жеңістің 77 жылдығына арналған іс-шаралар жыл басынан бері өткізіліп келеді. Бұл тек сәуір-мамыр айларында ғана өткізілмейді. Бұл туралы ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы, генерал-майор Серік Бурамбаевқа мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Әскерде жыл басынан бері мерекелерге арналған дәрістер, диспуттар, кездесулер, семинарлар мен конференциялар ұйымдастырылады. Мысалы, Ұлы Отан соғысындағы Кеңес Одағының батырлары Талғат Бигельдинов, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспановалардың 100-жылдық мерейтойларына арналған және басқа да іс-шаралар кеңінен атап өткізілуде. Ұлттық қорғаныс университетінде Қарулы Күштердің 30-жылдығына арналған халықаралық конференция өткізілді, сәуір айында Қазақстанның ұлттық музейінде көрме ұйымдастырылды.

"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне – 30 жыл" кітабы жарыққа шықты. Мемлекеттік әскери-тарихи музейдің іздестіру тобы басқа мемлекеттер аумағында жерленбей қалған қазақстандық жауынгерлердің денелерін табу, оларды елге жеткізу, туыстарын тауып, оларға табыстау және жерлеу жұсыстарын ұдайы түрде жүргізуде", – деді генерал-майор Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сонымен қатар Қорғаныс министрлігінің кешенді ақпараттық-түсіндіру тобы "Күшіміз бірлікте" акциясы шеңберінде жыл басында еліміздің Батыс өңіріндегі гарнизондардан бастап, Алматы, Қапшағай, Сарыөзек, Жаркент және Талдықорған гарнизондарында, наурыз айында Қарағанды, Балхаш және Приозерск гарнизондарында әскери қызметшілермен кездесу өткізген. 

"Айбынды әскер" акциясы аясында Көкшетау, Петропавл, Павлодар және Екібастұз қалаларында колледждер студенттерімен және орта мектеп оқушыларымен әскери-патриоттық жұмыстар жүргізілген. 

Айта кетейік, биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери парадты өткізілмейді. Алайда Қорғаныс министрлігі еліміздің барлық өңірінде 50-ге жуық түрлі шара өткізетінін хабарлады. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу