Жеңіс күніне орай ақмолалық ардагерлерге 3 млн теңгеден беріледі

220

Бүгінгі таңда облыста 6 соғыс ардагері тұрады.  

Жеңіс күніне орай ақмолалық ардагерлерге 3 млн теңгеден беріледі Фото: URA.ru

Ақмола облысында Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагерлеріне 3 млн теңге мөлшерінде бір реттік төлем жасалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысы әкімдігінің мәліметінше, биыл өңірде Жеңістің 79 жылдығы қарсаңында соғыс ардагерлеріне төленетін бір реттік төлем сомасы ұлғайтылып отыр. Яғни, соғыс ардагерлері 3 миллион теңгеден алады.

"Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасынан атап өткендей, соғыс ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер де 10-нан 30 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде төлем алады. Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдар және басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлеріне 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленді", - деді Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу