Астанадағы 95 соғыс ардагеріне 511 мың теңгеден беріледі

904

Астанадағы 95 соғыс ардагеріне 511 мың теңгеден беріледі

Астанадағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 511 135 теңге көлемінде әлеуметтік көмекке ие болады. Қалалық мәслихат депутаттары ол үшін жергілікті бюджеттен қосымша 33 млн 250 мың теңге бөлу туралы ұсынысты қабылдады, деп хабарлайды  elorda.info

"Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясының қарауына Астана қаласындағы Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне жеңіс күнін орай қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы мәселені ұсынады", - деді Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ермек Оспанов.

Оның айтуынша, елордадағы ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне қосымша әлеуметтік көмек көрсету әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшерін бекіту туралы қалалық мәслихат шешімімен 2017 жылы бекітілген.

"9 мамыр – Жеңіс күніне орай ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне көрсетілетін әлеуметтік көмек 67 АЕК мөлшерінде көрсетіледі. Бұл - 161 135 теңге. Сіздердің ұсыныстарыңызбен біз барлық есепті айлық есептік көрсеткішке келтірдік. Ағымдағы жылы Жеңіс күніне орай жергілікті бюдеттен қосымша 33 млн 250 мың теңге бөлу жоспарланып отыр, ол 95 ҰОС ардагері мен мүгедектеріне 350 мың теңгеден әлеуметтік көмек көрсету көзделіп отыр. Осылайша, ұсынылған жобаны қолдайтын болсаңыздар, Астана қаласындағы ҰОС ардагерлері мен мүгедектері  биыл 9 мамыр мерекесіне 511 135 теңге әлеуметтік көмек алатын болады", - деді ол.

Бұған қоса басқарма басшысы қаладағы ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне аталған әлеуметтік көмек 1 мамырға дейін аударылатынын айтты. Мәслихат депуттаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. 
Айта кетейік, өткен жылы елордада 163 соғыс ардагері мен мүгедегі болған. Бүгінде 95 ардагері бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу