Жеңіс күніне орай өтетін дәстүрлі мерекелік шаралар келер жылға ауыстырылды

1310

Жеңіс күніне орай өтетін дәстүрлі мерекелік шаралар келесі жылға ауыстырылды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.  

Жеңіс күніне орай өтетін дәстүрлі мерекелік шаралар келер жылға ауыстырылды Фото: Мария Матвиенко

"Қазіргі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Жеңіс күніне орай өтетін дәстүрлі мерекелік шараларды келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Президент отандастарымызға арнайы құттықтауын жолдайды. Қазақстанда Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің есімі ерекше құрметтеледі. Мемлекет басшысының өкімімен Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай соғыс ардагерлеріне материалдық көмек көрсетілді", – деп жазылған  хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу