Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1,5 млн теңге төлеу жоспарланған

789

Алматыда 58 ардагер тұрады.  

Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1,5 млн теңге төлеу жоспарланған Фото: Tengrinews.kz

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.  

"Алдыда  9 мамыр. Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің қатары, өкінішке орай, жыл сайын сиреп келеді. Өткен жылдары оларға материалдық көмек көрсетілді. Білейін дегенім, биыл соғыс ардагерлеріне көмек қарастырылған ба? Екінші сұрағым - Ауған ардагерлерне де қандай да бір көмек көрсетіле ме?", – деп сұрады Алатау ауданының тұрғыны Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевпен кездесуде. 

"9 мамыр - бәріміз үшін қасиетті мереке. Ия, өкінішке орай, ардагерлер қатары жыл сайын азайып келеді. Соңғы мәліметтер бойынша, Алматыда 58 ардагер тұрады. Мен олардың барлығы өз мерекелерін аман-есен қарсы алғанын қалаймын және біз оларды  жыл сайын құттықтап келеміз. Көмек туралы - қаражат қарастырылған, біз әрбір ҰОС ардагеріне миллион теңгеден төлеуді жоспарладық. Ертең мәслихат отырысы өтеді, мен депутаттардан оларға 1,5 млн теңгеден беру үшін тағы бес жүз мың қосуды сұрадым. Ауған жауынгерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және басқаларға да материалдық көмек көрсетеміз", – деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев. 

9 мамырда дәстүрлі түрде 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта гүл шоқтары қойылады, мерекелік концерт болады. 

"Біздің ардагерлер қаланың барлық аудандарында құрметке ие болады. 
Біз бұл мерекеге үлкен үреймен қараймыз. Мерекеге жеке қатыса алмайтын ардагерлерге жеке көңіл бөлеміз – аудан әкімдері және мен олармен бірге әрқайсысын аралап, жеке құттықтаймыз", – деді әкім. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу