Жеңіс күніне орай ҰОС ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі

911

9 мамыр – Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1 млн теңге беріледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Руслан Сәкеев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жеңіс күніне орай ҰОС ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі

Министрлік барлық өңірдегі әкімдіктерге Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің барлық санаты үшін материалдық көмектің кепілдендірілген ең төменгі мөлшерін белгілеуді ұсынған. Осыған байланысты Жеңіс күніне әкімдіктер тарапынан 5 млрд 400 млн теңге көлемінде біржолғы көмек қарастырылған.

"Барлық өңірде ҰОС қатысушылары мен мүгедектері үшін біржолғы материалдық көмек кемінде 1 млн теңге, Ақтөбе облысында 2 млн теңге көлемінде болады. Бұрынғы концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындарына – 100 мың теңге, қоршаудағы Ленинград тұрғындары мен ҰОС кезінде қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне – 60 мың теңге, ҰОС қайтыс болған мүгедектердің әйелдеріне және ҰОС жылдары тыл еңбеккерлеріне 30 мың теңге алады", деді Руслан Сәкеев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Қазақстанда барлығы 381 соғыс ардагері бар, 97 758 қазақстандық Ұлы Отан соғысы кезінде жеңіске өз үлесін қосқан.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу