Бүгін ресейлік альпинист Наталья Наговицына қалып қойған Қырғызстан тауларына дрон жіберіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Ақпаратта растаймын. Оның қаза тапқаны туралы болжамды біздің барлық сарапшылар айтты", – деді Қырғызстан ТЖМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әділ Чарыгов.
Оның айтуынша, құтқару операциясы ауа райының күрт нашарлауына байланысты тоқтатылды. Mash телеграм арнасы құтқарушылардың альпинистке жетуге жасаған соңғы әрекеті түсірілген видеоны жариялады. Онда 6100 метр биіктікте құтқарушылардың қарлы боранды бұзып өтіп бара жатқанын көруге болады. Бірақ Наговицына бұдан да биік, 7140 метрде болған, ал ол жерде ауа райы тіпті ауыр.
Арнаның дерегінше, Натальяның денесі көктемге дейін тауда қалады, ал оның шатырын іздеу 2026 жылдан ерте басталмайды.
Бұған дейін Ресейлік альпинистті Жеңіс шыңынан (пик Победы) эвакуациялау мүмкін еместігі белгілі болды. Наговицина аяғын сындырып, қозғала алмайтын жағдайға түскен. Ол 12 тамыздан бері теңіз деңгейінен шамамен 7200 метр биіктікте, Жеңіс шыңындағы шағын алаңда қалып қойған.
Бірнеше жүз метр төменіректе оның тобында болған және жарақат алғаннан кейін оған көмектеспек болған италиялық альпинистің денесі табылды.