Зеленский Ресейді жеңудің нақты бес шартын айтты

1745

Вашингтон Владимир Зеленскийдің жоспарымен танысып үлгерді. Енді АҚШ Президентінің құптауы ғана қажет.

Зеленский Ресейді жеңудің нақты бес шартын айтты Фото: © AP Photo / Jose Luis Magana

Бұл туралы АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Линда Томас-Гринфилд баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз аталмыш құжат іске аса алатын стратегия мен жоспарды белгілейді деп санаймыз. Біз Нью-Йоркте болатын барлық мемлекет басшыларымен қарым-қатынас жасау арқылы бұған қалай үлес қоса алатынымызды көруіміз керек. Сонымен, біз белгілі бір прогреске қол жеткіземіз деп үміттенеміз. Сол үшін біз осындамыз", – деді Томас-Гринфилд.

Осы айда АҚШ Президенті Джо Байденге ұсынылатын "жеңіс жоспары" бес тармақтан тұрады. Бұл туралы CNN-ге берген сұхбатында Киев режимінің басшысы Владимир Зеленский мәлімдеді.

"Жеңіс жоспарында бес тармақ бар – олардың төртеуі негізгі, тағы біреуі соғыстан кейінгі жағдайда қажет", – деді ол.

Жоспар "Украинаның қауіпсіздігіне, геосаяси жағдайына, бізге қол жетімді болуы керек өте күшті әскери қолдауға және белгілі бір ресурстарды пайдалану еркіндікке ие болуға; экономикалық қолдауға да қатысты".

Зеленский жоспарының бір бөлігі – Ресейдегі өмірді нашарлату, сол арқылы ол Ресей Президенті Владимир Путинді келіссөзге көндірмек. 

Зеленский сонымен қатар қарудың баяу жеткізілуіне байланысты Украина тіпті 14 бригаданың 4-ін тиісті деңгейде жабдықтай алмады деп шағымданды. Оның айтуынша, Ресей Федерациясының Қарулы күштері тек Украинаның шығысында айына 4 мың әуе бомбасын пайдаланады және олардың көмегімен энергетика нысандарының 80-ы бұзылған. Сондықтан ол батыстан Ресей аэродромдарына ұзақ қашықтықтағы зымыран соққыларын мақұлдауын сұрайды, бірақ әзірге одақтастар Зеленский ойлағандай әлі рұқсат берген жоқ.

Оның айтуынша, онда бірнеше тармақ бар, бірақ әрқайсысы Америка Құрама Штаттары президентінің мақұлдауын талап етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу