Жеңістеріңіз үшін көп рахмет, бауырлар – Димаш Құдайберген

912

Әлемге әйгілі әнші, отандасымыз Димаш Құдайберген Токио Олимпиадасы жүлдегерлерінің қола медалін алтынға пара-пар деп санайтынын мәлімдеді.  

Жеңістеріңіз үшін көп рахмет, бауырлар – Димаш Құдайберген

Ол Токио төрінде ел намысын қорғаған спортшыларға алғыс айтып, ризашылығын жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жеңістеріңіз үшін көп рахмет, бауырлар! Елдің намысы үшін тырысып, еңбекпен әкелген қола жүлделеріңіз мен үшін алтыннан кем емес! Алла қаласа бұдан да үлкен шыңдарды бағындыруды нәсіп етсін!" – деді Димаш Құдайберген.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу