Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медаль белгіленеді

243

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медаль белгіленеді Фото: sputnik.kz

Қорғаныс министрлігі "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медаль туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының жобасы туралы" Үкімет қаулысының жобасын дайындады.

Нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен өзге де қатысушыларына салтанатты түрде құрмет көрсету мақсатында әзірленді.

Жарлықтың жобасында "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл" меретойлық медальмен марапаттау ережесі және медаль сипаттамасы нақтыланады.

Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталында "Ашық НҚА" бөлімінде 2025 жылғы 29 қаңтарға дейін мына сілтемеге өтіп, таныса аласыздар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу