Жеңістің 80 жылдығына арналған номиналы 1000 теңгелік банкнота айналымға шықты

132

Мерейтойлық банкноталардың таралымы – 5 миллион дана.  

Жеңістің 80 жылдығына арналған номиналы 1000 теңгелік банкнота айналымға шықты Фото: nationalbank.kz

Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

9 мамыр   бүкіл әлем үшін айтулы күн. Қазақстан Жеңіске қомақты үлес қосты. Республикадан 1,2 миллионға жуық адам жұмылдырылды, бұл сол кездегі жалпы халықтың шамамен  20%-ы. Отандастарымыз жаяу әскерде, танк бөлімшелерінде, авиация мен флотта ерлікпен шайқасты. Қаһарман отандастарымыздың ерлігіне құрмет таныту үшін Ұлттық Банк ұлттық валютада мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарғалы отыр, – делінген хабарламада. 

Мерейтойлық банкнотаның дизайнына тоқталсақ, банкноталардың түсі  қоңыр-сарғылт.

Алдыңғы бетінде:

  •  Даңқ мемориалы бейнеленген, Отан үшін жан қиған батырларға көрсетілген құрмет белгісі  28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта орналасқан.
  •  Микро-оптикалық қорғаныс жолағы. Банкнота бұрышын өзгерткен кезде жолақта тереңдіктің, көлемнің және жылтырдың үш өлшемді әсері, сондай-ақ мәңгілік алау мен ұшып бара жатқан тырналар көрінеді. Тырналар силуэті  жақсылық пен үміттің бейнесі  өмірді суреттейді.

Екінші бетінде:

  • тарихи мұрағаттық фотосуреттердің үзінділерімен Қазақстан картасы бейнеленген. Суреттерді www.kfdz.kz Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап комитетінің "Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар және дыбыс жазбалары архиві" РММ ұсынды.
  • ерлік, табандылық пен батырлықтың символы ретінде Отан соғысы ордені бейнеленген.

Номиналы 1000 теңгелік мерейтойлық банкнота өз құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға жатады.

Сондай-ақ банктік шотқа салуға, Қазақстан Республикасының барлық банкінде аударуға және ұсақталуға міндетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу