Жеңістің 80 жылдығына арналған парад не себепті 7 мамырда өтетіні белгілі болды

866

Әскери парадты өткізуге 2,5 млрд теңге қарастырылған. 

Жеңістің 80 жылдығына арналған парад не себепті 7 мамырда өтетіні белгілі болды Фото: gov.kz

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған парадты өткізу күніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер парад неге 9 мамырда емес, 7 мамырда өтетінін нақтылады.

"Парадты 7 мамырда өткізу орынды. 7 мамыр – біздің ұлттық мерекеміз, Қарулы Күштердің құрылған күні. Осыған дейінгі шерулер де дәл осы күні, яғни 7 мамырда өтетін. Сондықтан бұл датаның таңдалуы осы күні ұлттық мерекеміз екендігіне байланысты. Ол 9 мамыр қарсаңына сәйкес келіп отыр", - деді вице-министр Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Айта кету керек, осыған дейін Қорғаныс министрлігі Қазақстан халқына маңызды үндеу жасағанын жазғанбыз. 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында әскери авиацияның жаттығу ұшуларын жүргізу үшін Астана қаласында әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер қойылады. Осыған байланысты әуе рейстерінің кестесіне де өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу