ЖЭО-2-нің жылу беру және электр қуаты артады

1842

Нұр-Сұлтан қаласының стратегиялық нысандары саналатын ЖЭО-1 және ЖЭО-2 қаладағы 2,5 мыңнан аса үйді жылу энергиясымен қамтамасыз етеді.  

ЖЭО-2-нің жылу беру және электр қуаты артады

Елорда әкімі Алтай Көлгінов ЖЭО-2-ны кеңейту аясында жүргізіліп жатқан №6 турбоагрегаттың құрылыс жұмысымен және № 8 қазандық агрегатын монтаждау барысымен танысты, деп хабарлайды Елорда Инфо

Нұр-Сұлтан қаласының стратегиялық нысандары саналатын ЖЭО-1 және ЖЭО-2 қаладағы 2,5 мыңнан аса үйді жылу энергиясымен қамтамасыз етеді. 

Бүгінде жылу контуры жөніндегі жұмыс толық орындалса, қазандықты монтаждау 80 пайыз аяқталған. Қазіргі уақытта турбинаны консервациялау жұмыстары жүргізілуде.

Мамандардың айтуынша, ЖЭО-2-ні кеңейту жұмыстар жылу қуатын кемінде 10 пайызға, электр қуатын 30 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.

Қала әкімі Алтай Көлгінов жауапты мекемелерге жұмыс қарқынын жеделдету қажет екенін айтып, келесі жылыту маусымы басталғанға дейін жұмысты толық аяқтауды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу