Оңтүстік Африка Республикасында кенеттен жарық сөніп жер астында қалған 955 кеншіні құтқару операциясы сәтті аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Шахтерлер "Беатрикс" алтын кенішінде сәрсенбіде электр желісінің ақауы салдарынан екі күн бойы жер астында қалуға мәжбүр болған. Электршілер осыншама уақыт бойы лифтілерді іске қосуға әрекеттенген. Лифтінің біріне тек жұмада, таңертең ғана тоқ беріліп, кеншілер жоғарыға шықты, деп хабарлайды eNCA телеарнасы.
100 метр тереңдіктегі кеніштің иесі Sibanye-Stillwater компаниясы өкілінің айтуынша, шахтерлер зардап шекпеген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу