Жер бар, жайылым жоқ

971

Елімізде ұлан байтақ жер болғанымен, тұрғындар үшін жайылым тар. Себебі ауыл маңдарындағы шөбі шүйгін адырларды қалталы адамдар өздеріне рәсімдеп алған. Көп жағдайда жер егелері оны пайдаланбайды. Иелігіндегі бос жатқан жеріне малы түскен адамдардан ақы алғысы келеді. 

Жер бар, жайылым жоқ

Жерін не өзі пайдаланбай, не халыққа, не үкіметке бермейтіндер де көп. Олар пәленбай гектар алқаптың сыртынан айналдыра ор қазып тастайды. Орға жылан, тасбақа, мал, не болмаса аң түсіп, шыға алмай тырбаңдап жатқаны. Бұл жер иелерінің қызғанышынан болса керек. Осылайша пайдасыз, бос жатқан жер көп. Ондай алқаптардың бірсыпырасын үкімет мемлекетке қайтарып та жатыр, ал әлі қайтпағаны қаншама. Иелері бос жатқан жерлерін ауылдың малынан қоритын қарауыл қойған. Бұрын-соңды мұндайды көрмеген ауыл қазағы үшін жапан түздің қожайыны бар болуы деген сұмдық нәрсе ғой.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу