Жер бетіндегі жасыл желектің үштен бірін Үндістан мен Қытай жайқалтып отыр

1745

Бұл екі ел орманын да алқабын да "жасылдандыра" түскен.     

Жер бетіндегі жасыл желектің үштен бірін Үндістан мен Қытай жайқалтып отыр

Қытайдағы жасыл белдеудің 25%-ы әлі жас, жақында егілген. Көрші ел 2035 жылға қарай көрсеткішті 38%-ға жеткізбек. Бұл мәліметті БҰҰ өзінің Твиттердегі парақшасында жариялады.

Қызық жайт, Ресейдің экспорттық орталығының дерегіне сүйенсек, Қытай 2018 жылы Ресейден ағаш пен орман өнімдерін 3,8 миллиард долларға импорттаған көрінеді. Ресей билігін қытайлықтардың орманды заңсыз шабу фактілері алаңдатқан болатын. Кей мәліметтер бойынша, Сібір ормандарынан заңсыз сатылатын орман өнімдерінің көлемі жалпы экспорттың 40%-на дейін жетеді екен. 2018 жылы Ресейдің табиғи ресурстар министрі Дмитрий Кобылкин Бейжің бұл мәселені шешпесе, Қытайға ағаш экспорттау  тоқтатайтынын мәлім еткен еді. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу