Жер бетіне G4 деңгейіндегі магниттік дауыл жақындап келеді

244

Күн бетінде күшті жарқыл болды.  

Жер бетіне G4 деңгейіндегі магниттік дауыл жақындап келеді Фото: freepik.com

Ал, оның бөлшектері бүгін кешке Жер бетіне жетуі ықтимал, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ресей ғылым академиясы ғарыштық зерттеу институтына сілтеме жасап.

Ресей ғылым академиясы ғарыштық зерттеу институтының мәліметі бойынша, геофизикалық құбылыс магнит дауылына ұласады. Оның қуаты 5 балдық деңгейлер шкаласы бойынша G4-ке дейін жетеді. Соның салдарынан адамдардың басы айналып, өздерін жайсыз сезінуі мүмкін.

Сондай-ақ бұл электр желілері мен байланыс жүйелерінің жұмысына да кері әсер етуі ықтимал. Бұл құбылыс 2024 жылғы мамырдағы дауылдарды еске түсіреді, бірақ қазіргі толқындар біршама әлсіз. Дегенмен оның күн дискісінде дәл орналасуы плазманың біздің планетаны айналып өтпеуін қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу