"Жер домалақ": Жанар Өтешова күтпеген мәлімдеме жасады

367

Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы болған Жанар Өтешова 13 қыркүйектен бастап өз еркімен қызметтен кеткенін жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Жер домалақ": Жанар Өтешова күтпеген мәлімдеме жасады Фото: ҰОК

"Бүгін мен үшін ҰОК тарауы жабылды. 13 қыркүйекте мен ресми түрде бас хатшы лауазымынан өз еркіммен кеттім. Бірден айта кетейін, БАҚ беттерінде осыған дейін тараған "қызметінен босатылды" деген жаңалықтары шындыққа жанаспайтын еді. Заңгерлер маған өз атымды қорғауым үшін сотқа жүгінуге кеңес берген болатын. Алайда, менің атым, ниетім мен ар-намысым таза және қорғауды талап етпейтініне сенімді болғандықтан мұндай ұсыныстан бас тарттым", – деп жазды Жанар.

Сөзінше, ол қызметтен өз арызы бойынша кеткен. 

"Жер домалақ. Алдымызда бізді қаншама дүние күтіп тұр. Тамыздан бері маған бірнеше ұсыныс түсті, соның ішінде басқа елдерден де келген ұсыныстар бар. Бірақ, Қазақстаннан артық ешбірі жақын бола алмайды. Дегенмен, алдағы уақытта не болатынын кейінірек шешемін", –  дейді Жанар Өтешова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу