Жер кадастрына қатысты үдерісті автоматтандыруға басымдық беріледі

660

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов алдағы жоспарларымен бөлісті. 

Жер кадастрына қатысты үдерісті автоматтандыруға басымдық беріледі

Ол мемлекеттік корпорация қандай қызмет түрлеріне басымдық беретінін баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазір барлық мемлекеттік қызметті біздің фронт-офистер арқылы алуға болады. Біз алдымызға қойылған міндетті орындап, мемлекеттің бірыңғай фронт-офисіне айналдық. Егер алдағы бірнеше жылға қойылған міндеттер туралы айтатын болсақ, олар түсінікті және қарапайым. Бізге мемлекет пен азаматтың өзара іс-қимылын оңайлату қажет. Мемлекеттік корпорация осы мақсатты жүзеге асырудың алғышартын жасайды. Сондықтан біз проактивті және композиттік қызметтің санын арттыруға ерекше назар аударамыз", – деді Әділ Қожықов.

Оның сөзінше, корпорация жылжымайтын мүлік пен жер кадастрына қатысты үдерістерді автоматтандыруға сондай-ақ мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызмет сапасын арттыруға басымдық береді. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу