Жер кадастрының ақпараттық жүйесінде 6,5 млн мәлімет сақталған

551

Жер учаскесін алу үшін кезекке қоюды автоматтандыру 2021 жылдың I тоқсанының соңына дейін аяқталады. 

Жер кадастрының ақпараттық жүйесінде 6,5 млн мәлімет сақталған

Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров жер қатынастарын басқарудың базалық құралы мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі екенін атап өтіп, онда жер учаскелері бойынша электронды форматта 6,5 млн мәлімет сақталғанын жеткізді. 

"Халыққа жер қатынастары саласында көрсетілетін электронды мемлекеттік қызметтің 15 түрінің 12-сі осы жүйе арқылы көрсетіледі. Жер қатынастары саласындағы өзекті проблемалардың бірі жер учаскесін алу кезіндегі кезекке қоюды тәртіпке келтіру болып отыр. 2021 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін жер учаскесін алу үшін кезекке қоюды автоматтандыру аяқталады", – деді Сапархан Омаров. 

Министрдің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы министрлігі жерді цифрландыру мәселесі бойынша цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. 

"2020 жылдың соңына дейін 26 млн гектар алаңда топырақтық, 25 млн гектар алаңда геоботаникалық, 6,5 млн гектар алаңда ауыл шаруашылығы картасы әзірленеді. 2021-2022 жылдары топырақтық және геоботаникалық картамен қамтуды 40 млн гектарға дейін, ауыл шаруашылығы картасымен қамтуды 33,2 млн гектарға дейін ұлғайту жоспарланған. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу аясында цифрлық ауыл шаруашылығы картасымен бүкіл көлемді қамту жоспарланған", – деді министр.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу