Жер қатынастары цифрландырылады

726

Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 80%, ал 2020 жылдың соңына қарай 90% электронды форматқа көшеді.

Жер қатынастары цифрландырылады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Цифрландыруды енгізу мәселелері жөнінде ҚР Президенті жанындағы Комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Отырыста ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел экономикасын цифрландыруды жеделдету жөніндегі тапсырмаларының орындалуы қаралды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жұмағалиев жер қатынастары саласында цифрландыруды енгізу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасында 2021 жылға қарай Ұлттық кеңістіктік деректердің инфрақұрылымының, Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесін құру және енгізу қарастырылған. Бұл Қазақстанның цифрлық картасын қалыптастыруға, халықтың жер қатынастары мен сәулет саласындағы қызметтерді алу рәсімін жеңілдетуге, жер телімдерін пайдалануды бақылау мен мониторинг жүргізуді автоматтандыруға жол ашады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу