Жер кезегінде тұрғандарға үй салынып берілмек

2673

Ақтау қаласының бас жоспарында жеке тұрғын үй салу үшін жер телімі қаралмағандықтан бұл мәселе осылай шешілмекші. 

Жер кезегінде тұрғандарға үй салынып берілмек

Ақтау қаласынан жер алуға кезекте тұрған азаматтарға "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында арнайы үйлер салынып, ұсынылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маңғыстау облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Есемұрат Дүзмағанбетовтың айтуы бойынша Ақтау қаласынан жер алуға кезекте тұрған 70 мыңнан астам тұрғын үшін "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында Ақшұқыр, Сайын ауылдарының шығыс бетінен типтік жобадағы үйлер салынып ұсынылатын болады. Ақтау қаласының бас жоспарында жеке тұрғын үй салу үшін жер телімі қаралмағандықтан бұл мәселе осылай шешілмекші. Тұрғындарға ұсынылатын үйлердің шаршы метрі 120 мың теңгеге бағаланады.

Жалпы Маңғыстау облысының жер көлемі 16 564,2 мың гектар. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 5 228,0 мың гектар, елдімекен жерлері 1 098,0 мың гектар, өндіріс, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығы мақсатынан басқа жерлер - 245,4 мың гектар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және емдеу-сауықтыру мақсатындағы жерлер  – 223,4 мың гектар, орман қоры жерлері  – 253,2 мың гектар, босалқы жер  – 9501,9 мың гектарды құрайды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу