Жер кодексіне өзгеріс енгізілді

876

Пайдаланылмаған жер ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрамына қайтарылады.

Жер кодексіне өзгеріс енгізілді

Сенаттың жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң қабылданды.

"Қаралып отырған Заң жобасының негізгі мақсаты - туризм объектілерін, ерекше маңызы бар құрылыс салу және олардың жұмыс істеуі үшін бұрын шығарылған, мақсаты бойынша пайдаланбаған жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрамына қайтару рәсімін оңайлату. Заң жобасы арқылы Жер кодексіне және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отыр", – деді сенатор Әбдәлі Нұралиев.

Айта кетейік, заң жобасы 10 қыркүйекте бірінші оқылымда мақұлданды. 

"15 қыркүйекте комитеттің кеңейтілген отырысы өтті. Заң жобасына қатысты сенаттың тұрақты комитеттері мен депутаттарынан ұсыныс түскен жоқ", – деді депутат. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу