Жер кодексіне және 3 заңға өзгеріс енгізілді

894

Мәжілісінің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. 

Жер кодексіне және 3 заңға өзгеріс енгізілді

Құжат мәжіліске 15 наурызда жолданған болатын деп хабарлайды inbussines.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров 2016 жылғы 6 мамырда Президенттің жарлығымен ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік компанияларға сондай-ақ, шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға жалға беруге, сонымен қатар Қазақстан азаматтары мен заңды тұлғаларына ауыл шаруашылығы жерлері жекеменшікке ұсынуға мораторий жарияланғанын еске сала келе: "Мораторий мерзімі 2021 жылғы 31 - желтоқсанында аяқталатынын ескере отырып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 25 ақпанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында жер мәселесі қашан да халқымыз үшін аса маңызды екенін жариялап, шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға, жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды тапсырды", – деді. 

Министрдің мәлімдеуінше, заң жобасына сәйкес, ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға беруге толық тыйым салу көзделген.

Сонымен қатар заң жобасында бұдан бұрын шетелдіктермен және шетелдік үлесі бар қазақстандық компаниялармен жалға алынған ауыл шаруашылығы жерлерінің пайдалану мерзімін ұзартылмайтыны және олардың пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін ғана иелікте болатыны қарастырылған. 

"Қандастар бойынша олар жеке қосалқы шарушылығы, бау-бақша және саяжай құрылысы үшін жер учаскесін ала алады. Оларға ауыл шаруашылығы жерлерін Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін ғана жалға алуға мүмкіндік беріледі. Заң жобасы арқылы жер кодексіне және 3 заңға, оның ішінде, көші-қон заңына өзгеріс енгізілді", – деді Сапархан Омаров.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу