Жер кодексінің 2 бабы өзгереді

942

Сенатта жеке орман өсіру үшін жер учаскесін тек Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік үлесі жоқ Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына беру туралы өзгеріс пен толықтыру енгізу бастамасы көтерілді. 

Жер кодексінің 2 бабы өзгереді

Жер кодексінің 48-ші және 128 -ші бабтарына өзгеріс енгізілетін болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сенатта "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы екі оқылымда қаралды. Түзету енгізілуіне байланысты құжат мәжіліске қайтарылды.

Айта кетейік, 2016 жылғы 6 мамырда ҚР Президентінің жарлығымен ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік компанияларға, сондай-ақ шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға жалға беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына жекеменшікке беруге мораторий енгізілді. Шектеу шарасы 
2021 жылғы 31 желтоқсанында аяқталады. Осыған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 25 ақпанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға, жалға беруге заң бойынша тыйым салуды тапсырды. Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы биыл 14 сәуірде сенатқа енді. 

Заң жобасын талқылау барысында сенатор Әбдәлі Нұралиев депутаттар
құжаттың кейбір нормасыларын өзгертуге қатысты 2 ұсыныс бергенін жариялады. 
"Ұсыныс бойынша Жер кодексінің 48-ші және 128-баптарына жеке орман өсіру үшін жер учаскелерін тек Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік үлесі жоқ Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына беру туралы өзгеріс пен толықтыруды енгізу ұсынылды. Заң жобасы Қазақстан Республикасының Конституциясына және қолданыстағы заңдарына сәйкес келеді. Заң жобасын қабылдау құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарының кері әсерін тигізбейді, мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы талап етпейді", – деді сенатор.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу