Жер кодексінің 37 және 97-баптарын қайта қарау қажет

1216

Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысында Қазақстан фермерлер қауымдастығының төрағасы Жигули Дайрабаев жерді сатуды ананы сатумен тең көретін арлы ел екенімізді дәлелдегенімізді мәлімдеді. 

Жер кодексінің 37 және 97-баптарын қайта қарау қажет

Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 25 ақпанда 5 жылға созылған жер дауына нүкте қойғанын тарихи жетістік деп білетінін атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Жер жекеменшікте болуы керек деген нарықтық экономиканың қитұрқы шарттарына бағынбайтын, жерді сатуды ананы сатумен тең көретін арлы ел екенімізді дәлелдей білдік. Президентімізге осындай батыл шешім қабылдағаны үшін алғыс білдіреміз. Ендігі кезекте жер реформасынан туындайтын өзгерістер мен толықтырулардың тек қана халық мүддесіне бағытталуын қамтамасыз етуіміз қажет", – деді Жигули Дайрабаев. 

Қазақстан фермерлер қауымдастығының төрағасы жер реформасы комиссиясына жердің Қазақстан азаматтары үшін 49 жылға жалға берілуін шегере отырып, жалға алу құқығымен жердің атадан балаға мұра болып қалуын қамтамасыз етуді ұсынды. 

"49 жыл пайдалану құқығы біткен соң, пайдаланушы немесе оның ұрпағы жерді әрі қарай пайдалануға алу құқығына ие болуы керек. Бұл үшін жер кодексінің 37 және 97 баптарын түбегейлі қарастыруды сұраймыз. Енді жерге байланысты дау тартыстың келешекте көтерілмеуін тереңірек ойлауымыз қажет, яғни жер тек өз азаматтарымызға жалға берілуі керек", – деді Жигули Дайрабаев. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу