Жер қойнауы бойынша 39 мың есеп цифрлық нұсқада қолжетімді

Жыл соңына дейін бастапқы геологиялық есептерді алуға мүмкіндік беретін функция әзірленеді.  

Жер қойнауы бойынша 39 мың есеп цифрлық нұсқада қолжетімді Фото: yk-news.kz

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкімет отырысында айтты. 

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл маусым айында "minerals.gov.kz" платформасын іске қостық. Платформа жер қойнауын игеруге мүдделі  инвесторлар мен бизнеске қолайлы жағдай туғызуда. Бүгін геологиялық зерттеу нәтижелері бар жерлер туралы ақпарат пен қолданыстағы келісімшарттар жүйеге енгізілді. Бүгін жалпы саны 57 мыңнан тұратын қосалқы есептің 39 мыңы цифрлық нұсқада қолжетімді.  

Осы жылдың соңына дейін бастапқы геологиялық есептерді алу мүмкіндігін беретін функциясы әзірленеді", – деді министр.

Сондай-ақ, платформада қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мақсаттағы жерлер, су қорлары, мал қорымдары, зираттар және өзге де тыйым салынатын аумақтардың қабаттар тобы жинақталған. Бұл кем дегенде 60 картографиялық қабат жөніндегі ақпарат.  

Деректердің өзектілігін сақтау мақсатында осы жылдың соңына дейін платформада салалық мемлекеттік органдардың арнайы автоматтандырылған жұмыс орындары қосылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу