Жер қойнауы бойынша электрондық аукционға қалай қатысуға болады?

887

Саудаға қатысуға мүдделі тарап 100 АЕК жарна төлейді. 

Жер қойнауы бойынша электрондық аукционға қалай қатысуға болады?

Энергетика вице-министрі Жанат Жахметова жер қойнауын пайдалану бойынша электронды аукционға қатысу шарттарын түсіндірді. Биыл алғаш рет ұйымдастырылып отырған бұл шараның талаптары да өзгеше. 

"Аукционға қатысу үшін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы өтініш беру керек. Өтініш берген кезде қатысуға мүдделі тұлға жарна төлейді. Биыл оның көлемі 100 АЕК. Яғни 277 мың теңгенің шамасында. Жарна операторға төленеді. Оператор оны үш жұмыс күнінің ішінде бюджетке аударады. Биыл бұл төлемді де онлайн режимінде аударуға болады. Өтініштер екі ай бойы қабылданады. Министрлік оны 10 жұмыс күннің ішінде қарастырады. Кейін электрондық аукционға қатысу немесе қатысуға рұқсат бермеу туралы шешімін жариялайды", – деді вице-министр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу