Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы құрылады

211

Портал арқылы алғашқы өтінім қағидаты бойынша жер қойнауын пайдалануға лицензиялар беру көзделген.

Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы құрылады Фото: canva.com

Парламент Мәжілісінің қарауына Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы келіп түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Заң жобасы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауларында айтылған тапсырмасын іске асыруға бағытталған. Құжатта жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы ақпараттық жүйесін құру ескерілген. Сонымен қатар жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай порталы арқылы алғашқы өтінім қағидаты бойынша жер қойнауын пайдалануға лицензиялар беруді ретке келтіру қарастырылған", - деді Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин. 

Заң жобасында екі кезең арқылы жер қойнауының мемлекеттік қорын басқарудың бағдарламасын ұдайы қайта бекіту тетігін алып тастау ұсынылған. Сондай-ақ Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасының орнына аукциондар бағдарламасының тетігін енгізу ескерілген.

"Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бағытында оларда заңнамалық деңгейде бекітуге мүмкіндік беретін бірқатар түзетулерді енгізу қамтылған. Комитет заң жобасы бойынша қорытынды ізірлеуге дайын", - деді депутат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу