Жер қойнауын пайдалануға арналған электронды аукцион өтеді

844

Аукцион 23 сәуірде сағат 09:00-де gosreestr.kz сайтында өтеді.

Жер қойнауын пайдалануға арналған электронды аукцион өтеді

Жер қойнауын пайдалануға құқық беретін екінші электронды аукцион ұйымдастыралады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
"Көмірсутектер шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалануға құқық беретін екінші электронды аукцион 23 сәуірге жоспарланып отыр. Аукционға шығарылған 15 учаскеден тек 8 учаске бойынша аукцион өткізіледі. Қалған 7 учаске "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодекстің 99-бабының 1-тармағына сәйкес аукцион өткізілмейді", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бірінші электронды аукцион 2020 жылдың 23 желтоқсанында өтті. Онда 10 жер қойнауы учаскесі аукционға шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу