Жер қойнауын пайдаланушылар 1 трлн теңгеге шарттар мен оффтейк-келісімшарттар жасасқан

279

Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 7,7 есе артық.

Жер қойнауын пайдаланушылар 1 трлн теңгеге шарттар мен оффтейк-келісімшарттар жасасқан Фото: canva.com

Отандық өндірушілермен мемлекеттік сатып алудағы келісімшарттар сомасы 1,5 есеге ұлғайды. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство басшысы жыл сайын реттелетін сатып алуларда отандық өндірушілер үшін басымдыққа ие қолжетімділік тетіктері жетілдіріліп отыратынын атап өтті. Мәселен, мемлекеттік сатып алуларда алып қоюға жататын отандық өндіріс тауарларының тізбесі 4,8 мың позициядан астамға кеңейтілді.

Осының нәтижесінде отандық өндірушілермен жасалған келісімшарттардың жалпы сомасы өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе өсті. "Самұрық-Қазына" қорының сатып алуларында ұзақ мерзімді шарттар мен оффтейк-келісімшарттар жасасу талаптары күшейтілді. Нәтижесінде, 10 айда Қор компаниялары 1,3 трлн теңгеге шарттар мен офтейк-келісімшарттарға қол қойды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2,3 есе көп.

Пайдалы қатты қазбаларды жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларына ішкі резервтерді жандандыруға бағытталған бірқатар түзетулер енгізілді. 

"Осы жылдың 1 шілдесінен бастап тауар биржалары арқылы стандартталмаған тауарларды сатып алу алынып тасталды. Осыған байланысты жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу алаңы – Tizilim жаңғыртылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 10 айда жер қойнауын пайдаланушылар 1 трлн теңге сомасына шарттар мен оффтейк-келісімшарттар жасасты, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 7,7 есе артық", – деді Ерсайын Нағаспаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу