Еліміздегі жер қойнауын пайдалану саласындағы компаниялар да биржаға белсене араласпақ. Нақтылайтын болсақ, Астана халықаралық қаржы орталығында оларға арналған жеке алаң құрылады. Мамандардың айтуынша, осылайша ұйымдасқан бағалы қағаздар нарығы қорды молайтуға септігін тигізбек. Еске сала кетсем, "Самрұқ-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорындағы компаниялар мен "Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары - ұлттық чемпиондары" мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары осы алаңда сауда-саттық жасайтын болады. Аса ірі активтерден басқа нысандардың көбі 2018-ші жылдың соңына дейін сатылмақ. Биржа жұмысын биылғы күзде бастайды деп күтілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу