Толық зерттелмеген бассейндер 4,7 млрд тоннаға дейін жер асты байлығын бере алады. Олар: Солтүстік Торғай, Арал, Сырдария, Шу-Сарысу және Ертіс бассейндері. Жаңа кен орындарын зерттеу үшін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі инвестиция тартпақшы. Оның өтемі ретінде әрі ынталандыру мақсатында инвесторға жеңілдіктер жасалмақ. Елдің минералдық-шикізат базасына мұнай-газ перспективасы бар 15 шөгінді бассейн кіреді. Олардан 76 млрд тонна шартты отын алуға болады. Енді бұл жерлерді геологиялық зерттеу үшін лицензия енгізіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу