Жер мен мүлік салығын қалай төлеуге болады?

1357

2021 жылғы 1 қазанға дейін жер мен мүлік салығын төлеу керек. 

Жер мен мүлік салығын қалай төлеуге болады?

Қазақстандықтар салықты E-salyq Azamat, Kaspi.kz және Homebank мобильді қосымшалары арқылы төлей алады, деп хабарлайды inbusiness.kz

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, өткен жылғы мүлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылғы 1 қазанда аяқталады.

"Салықтың сомасын E-salyq Azamat мобильді қосымшасы және kgd.gov.kz "Алдағы төлемдер" сервисінен білуге болады. Сондай-ақ тұрғындар E-salyq Azamat, Kaspi.kz және Homebank мобильді қосымшалары арқылы салықты төлей алады", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғалардың меншік құқығына тиесілі жер учаскелері және жылжымайтын мүлік бойынша салығы біріктірілді. Осыған байланысты салықтың есептелген сомасы жылжымайтын мүлік пен жер учаскесі бойынша бірыңғай сомамен төленеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу